Ағымдағы жылдың 20 қазанында Қоғамдық пәндер және дене тәрбиесі кафедрасы оқытушыларының №3 ЖОББМ 11 сынып түлектерімен кездесуі өткізілді. Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы аясында болашақ талапкерлерге “Құқық қорғау қызметі” білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға арналған аудиториялар таныстырылды. Кәсіптік бағдар беру орталығының қызметкерлері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіне түсу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, материалдық-техникалық базамен таныстырып, гранттық білім алу мүмкіндіктері туралы баяндады.


