2026 жылдың 21-мамырында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлттық студенттік спорт одағының қолдауымен Қазақ спорт және туризм академиясында өтіп жатқан Республикалық студенттік спорт лигасы аясында Қазақстаның жоғары оқу орындары (ЖОО) студенттері арасында қазақ күресінің финалдық кезеңі өтті.
Байрақты бәсекенің финалдық белдесуінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Қасан Ақдидар 75+ кг салмақ дәрежесінде (әйелдер арасында) Республикалық студенттік спорт лигасының чемпионы атанып, университетіміздің абыройын асқақтатты.
Барша университет ұжымын, үздік нәтиже көрсеткен спортшымызды және оның дайындығына қолдау көрсеткен тұлғаларды жарқын жеңіспен құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын!