2026 жылғы 21 мамырда 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасы студенттері жаңадан ашылған «Құтқарушылар аллеясына» бардық. Бұл шараның мақсаты – студенттерді құтқарушылар қызметінің маңыздылығымен таныстыру және олардың ерлігі мен еңбегін дәріптеу болды.
Экскурсия барысында аллеяның ашылу тарихы, оның маңызы және төтенше жағдайлар қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі туралы ақпарат алдық. Аллея құтқарушылардың батылдығы мен жанқиярлық еңбегіне арналған ерекше орын екені айтылды.
Біз аллеядағы ескерткіштермен және көрнекі орындармен танысып, қауіпсіздік саласының қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Бұл сапар студенттерге үлкен әсер қалдырды және болашақ мамандығымызға деген қызығушылығымызды арттырды.
Экскурсия өте пайдалы әрі тәрбиелік мәні жоғары іс-шара болды.

