Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 6В01401-Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының студенті, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР әйелдер ұлттық құрамасының мүшесі Ажгалиева Алина 2023 жылдың 4-5 қарашасында Канаданың Лаваль қаласында өткізілген шорт-тректен 4 құрлық чемпионатында 3000 метр қашықтықтағы эстафетаға қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды. Ажгалиева Алина шорт-трек бойынша еліміздегі зор үміт күттіретін спортшыларымыздың бірі. Осы халықаралық жарыста біздің еліміздің мерейін үстем етіп, көк туымызды желбіреткен жас спортшымызға алғысымыз шексіз. Алинаны жеңісімен құттықтай отырып, табандылық, жоғарғы спорттық шеберлік және қажымас кайрат тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz