2023 жылдың 3-қарашасында Мектептен тыс жұмыс орталығында қала мектептерінің бітіруші сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша кездесу өтті. Оқушыларға ЖОО-ға түсу және түсу емтихандарын тапсыру тәртібі және Батыс Қазақстан облысында жоғарғы оқу орындарын таңдау туралы ақпарат берілді. Шараға «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы Жайлыбаева Ж.М қатысып, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің білім беру бағдарламаларымен таныстыру мақсатында ақпараттық мазмұндағы бейнероликтер ұсынды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz