2023 жылғы 6 қарашада Дүниежүзілік сапа күні аясында Білім және менеджмент институтында Сапа апталығының ашылуы өтті. «Оқытудың тәжірибеге бағдарлануы қазіргі заманғы құзыретті маманды қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбындағы ақпараттың негізгі мақсаты – жоғары білікті және құзыретті мамандарды қалыптастыру үшін теориялық білім мен практикалық дағдыларды интеграциялау негізінде білім беру процесінің сапасын арттыру.
Апталықтың ашылу рәсімінде БҚИТУ бірінші және ОӘЖ жөніндегі проректор Машанова Самал Амангелдіқызы және институт директоры Әсет Сембайұлы Тасмағамбетов барлық қатысушыларды құттықтап, апталық жұмысына сәттілік тіледі.
