2025 жылғы 22 желтоқсан мен 2026 жылғы 13 қаңтар аралығында университет қабырғасында Педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Білім беру процесінде жасанды интеллектіні тәжірибеде қолдану» атты практикалық мастер-класс өтті. Аталған іс-шараға БҚИТУ Салалық технологиялар институты кафедраларының 115 профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты. Іс-шараның модераторы ретінде Цифрландыру және ақпараттық технологиялар басқармасының бағдарламашы инженері Мысько Владимир Владимирович қатысып, сабақтардың практикалық бағытта өтуін және әдістемелік сүйемелдеуін қамтамасыз етті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру және білім беру ортасына озық технологияларды енгізу болды. Мастер-класс барысында заманауи нейрожелілермен жұмыс істеудің негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылды:

Prompt-инжиниринг негіздері: оқытушылар тілдік модельдерден барынша дәл әрі сапалы жауап алу үшін сұраныстарды (промпттарды) дұрыс құрастыруды меңгерді.

Google NotebookLM-пен жұмыс: қатысушылар ғылыми және оқу ақпараттарының үлкен көлемін жедел өңдеуге мүмкіндік беретін құжаттарды зияткерлік талдау құралдарын игерді.

Бейнелер генерациясы: презентациялар мен оқу құралдарына арналған бірегей визуалды контентті жасау барысында ЖИ мүмкіндіктері көрсетілді.

Өткізілген курс БҚИТУ оқытушыларына заманауи әрі интерактивті білім беру контентін әзірлеуге қажетті өзекті дағдыларды игеруге мүмкіндік берді, бұл өз кезегінде студенттерді оқыту сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz