Вебинарды Салалық технологиялар институтының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері үшін ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Қ.Ғ. Есенғалиев өткізді.
Мақсаты — қатысушыларға жарияланымдық қызметтегі заманауи цифрлық мүмкіндіктерді түсінуге, «EDP Hub» және «IPR MEDIA» халықаралық баспаларымен жұмыс істеуге және өздерінің ғылыми және оқу-әдістемелік материалдарын ілгерілетуге көмектесу.
Вебинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- Ғылыми және оқу-әдістемелік жарияланымдарды дайындауға қойылатын ережелер мен талаптар;
- Авторлар мен оқытушыларға арналған цифрлық құралдар;
- Мәтінді және сілтемелерді ресімдеу ерекшеліктері;
- Заманауи баспа платформаларымен жұмыс істеу;
- Материалдарды дайындау кезінде цифрлық және жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар;
- Жарияланымдық белсенділікті арттыру және «Global SciCall: жаңа білім қоры» сияқты конкурстарға қатысу мүмкіндіктері;
- Академиялық этика және жарияланымдар сапасының мәселелері.

