Кәсіби сертификаттау курстарынан өту жоспарына сәйкес, 2026 жылдың ақпан–наурыз айларында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының білім алушылары, білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби даярлық курстарын сәтті аяқтады. Атап айтқанда:
6В07302 «Құрылыс» білім беру бағдарламасының білім алушылары «Бетоншы» мамандығы бойынша;
6В07303 «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламасының білім алушылары «Геодезист» мамандығы бойынша.
Аталған курстардың негізгі мақсаты – таңдаған мамандық бойынша арнайы жұмыстарды орындауға қажетті практикалық кәсіби құзыреттер мен дағдыларды дамыту, білім алушылардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың әрі қарайғы кәсіби қызметке дайындық деңгейін көтеру.
Курстар барысында білім алушылар заманауи жабдықтар мен құралдарды қолданудың практикалық тәжірибесін меңгеріп, негізгі технологиялық үдерістерді және қауіпсіздік техникасы талаптарын игерді. Курстарды аяқтағаннан кейін қатысушыларға олардың біліктілігін растайтын сертификаттар табысталды.
Алынған білім мен дағдылар түлектерге кәсіби қызметінде сенімді түрде қолдануға және қазіргі еңбек нарығының талаптарына тиімді бейімделуге мүмкіндік береді.

