2026 жылдың 7-сәуірінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ның спорт кешенінде Қазақ күресінен жоғары оқу орындары студенттері арасындағы Батыс аймақтық «Студенттік спорт лигасы» жарысы өз мәресіне жетті.
Аталған жарысқа 7 жоғары оқу орнынан келген студент-спортшылар қатысып, өзара бақ сынап, мықтыларды анықтады.
Жарыс барысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенті Қасан Ақдидар 75+ кг салмақ дәрежесінде жоғары шеберлік танытып, жеке сында І орынды иеленді. Сонымен қатар, ол алдағы республикалық кезеңге жолдама алды.
Жалпы командалық есеп бойынша:
І орын – Х. Досмұхаммедов атындағы Атырау университет командасы;
ІІ орын – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті командасы;
ІІІ орын – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті командасы.
Сонымен қатар, ұлдар арасында жеке сында 6В01401 – Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының студенттері де жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда:
ІІІ орын – Иманғазы Азат;
ІІІ орын – Сәлімгерей Бекнұр;
ІІІ орын – Саламат Қайсар.
Жетекшілері: Дене мәдениеті және иформатика кафедрасының аға оқытушылары Ибатов Мұрат Қолғанатұлы, Отаров Орынғали Мергенұлы.
