2024 жылдың 11-желтоқсанында шет тілдері және аударма ісі кафедрасында 6В01703–Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті  білім беру бағдарламасының студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне арналған «Желтоқсан оқиғасының батырлары» атты кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Отанға деген патриоттық пен азаматтық борыш сезімін, болашақ пен тарих алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мейрамы – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл күнді ел тұрғындары жыл сайын 16-желтоқсанда атап өтеді. Биыл Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне 33 жыл толып отыр: 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады.

Іс-шараға РЯЛ-421, 321 топтарының білім алушылары қатысты. Шара  барысында студенттер кейіпкер-декабристер туралы баяндама жасап,  өлеңдер оқылды, «Желтоқсан құрбандары» бейнеролигі көрсетілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz