Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университеті, «Құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасының 3 курс студенттері Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында ашық сот отырысына қатысты.

Сот төрағасы Ш.А.Шайдиева істі жүргізіп болғаннан кейін, сот жұмысының ерекшеліктерін түсіндіріп, сот тарихымен таныстырып, сот жүйесіндегі реформаларды атап өтті. Сот барысына қызыққан студенттер өз пікірлерін айтып, толғандырған сұрақтарына жауаптар алды. Іс- шара соңында заң ғылымдарының магистрі, Тарих және құқық кафедрасының аға оқытушысы Л.А .Климова, Батыс Қазақстан облысының  мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Шайдиева Шынаргул Амантаевнаға  және кеңсе қызметкерлеріне студенттер үшін атқарған қызметтеріне алғыс білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz