28.10.2022 жылы Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің “Құқық қорғау қызметі” білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері “БҚО бойынша ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығына” барды.

Кездесу барысында студенттерге сот сараптамаларын жүргізу тәртібі айқын көрсетіліп, сараптамалық зерттеулердің барлық түрлерімен таныстырылды. Сондай-ақ, сараптамаларды тағайындау шарттары, әдістері және заттай дәлелдемелерді орау, сақтау тәртібі түсіндірілді. Директордың рұқсатымен “БҚО бойынша ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығының” студенттері паталогоанатомиялық зерттеулерге куә болды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz