2025 жылғы 21 қарашада БҚИТУ СТИ 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» БББ 2-курс білім алушылары үшін «Батыс Қазақстан облысындағы экологиялық жағдай және оны жақсартудағы жастардың рөлі» тақырыбында мазмұнды қонақ дәріс өткізілді. Іс-шара білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, олардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және өңір экологиясының ағымдағы жағдайы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
Дәріс Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің «Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі мамандарының қатысуымен өтті. Департамент өкілдері Батыс Қазақстан облысына тән атмосфералық ауаның сапасы, су ресурстарының жағдайы, қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері, сондай-ақ өнеркәсіптік қызметтің қоршаған ортаға әсері сияқты негізгі экологиялық мәселелер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың өзекті шараларына және қолданыстағы реттеу тетіктеріне ерекше назар аударылды.
Дәрісті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Алматай Закариевич Жұмағазиев және мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Таңсәуле Қайырғалиқызы Сүгірбаева өткізді. Жастардың табиғатты қорғау қызметіне қатысуының маңыздылығын атап өтіп, еріктілердің экологиялық қозғалыстардың, ғылыми жобалардың мүмкіндіктері, сондай-ақ экология және тұрақты даму саласындағы болашақ мамандардың кәсіби өсу перспективалары туралы әңгімеледі. Мұндай дәрістерді өткізу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді және жастарды қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға нақты үлес қосуға ынталандырады.

