2025 жылдың 21 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде “Студент жастарды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету” тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді. Дәріске Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Куанышалиева Назгуль Мурзаевна  және университетіміздің дәрігері Суттибаев Тайман Сариевич қатысып, студенттерге маңызды ақпараттар мен пайдалы кеңестер ұсынды.

Қонақтар жастар арасында жиі кездесетін күйзеліс, психологиялық дағдарыс, интернеттегі және офлайн ортадағы зорлық-зомбылық белгілері, сондай-ақ оларды ерте анықтау жолдары туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Сондай-ақ студенттердің қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қамтамасыз етуде ата-аналармен, оқытушылармен және мамандармен бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталды.

Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан кәсіби кеңес алды. Шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және кез келген қауіпті жағдайдың алдын алуға бағытталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz