«Қайырымдылық айлығы» акциясы аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушылары мен ерікті студенттері 2021 жылдың 30 қарашасында «Шаңырақ жасөспірімдер үйінің» балаларына әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету бағытында шара өткізді. Аталған акцияға БҚИТУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.И. Абекешев, Тілдер және менеджмент факультеті деканының тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасары Ш.Е. Нугыманова, Тілдер және менеджмент, Педагогика, Инженерлік-гуманитарлық факультеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.  

Қайырымдылық акциясы шеңберінде өткен шарада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 45 балаға киім-кешек, оқу құралдары мен тағамдар таратылды.

Шара барысында университет ұжымы атынан сөз сөйлеген  тәрбие ісі жөніндегі проректор А.И. Абекешев мұндай акциялар балалардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай жаңа орта табатындығын айта келіп, ел ертеңі жастарға үлкен үмітпен қарайтындығын жеткізді.

Жақсы көңіл-күй салтанат құрған шарада балалар шынайы шаттанса, «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің басшылығы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университет өкілдеріне шын жүректен алғыс айтып, еңбек жолында табыс тіледі.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz