2023 жылдың 21 ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)БҚО бойынша департаменті өкілінің студент жастармен кездесуі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты-жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту, құқықтық сауаттылықты дамыту және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)БҚО бойынша департаментіПревенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Айгерим Кажгалиева қатысты.

Студенттерді адалдық, адамгершілік, шыншылдық, тазалық принциптерін ұстануға шақырып, бүгінгі қоғамда көрініс тауып отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында қандай қағидаларға сүйену керектігін айтып, жас ұрпақ бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелері төңірегінде өз ойын ортаға салды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz