2025 жылдың 12 желтоқсаны күні сағат 16:00-де СТР-31О тобында «Бетондау технологиясы» пәнінен «Бұйымдар мен конструкцияларды қалыптау. Қалыптардың классификациясы және оларға қойылатын талаптар. Қалыптау әдістерінің түрлері» тақырыбында ашық зертханалық сабақ өтті. Сабақты Сәулет және құрылыс кафедрасының аға оқытушысы Б. Л. Ідірісов «Құрылыс материалдары және құрылыс жылу физикасы» зертханасында жүргізіп, студенттер тәжірибелік жұмыс ретінде 100×100 мм металл қалыптарға майда түйіршікті бетон құюды орындады. Бұл тәжірибе студенттердің теориялық білімін бекітіп, практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

