Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, магистранттар мен  студенттер!

Сіздерді Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн сонау 1991 жылы жасалған таңдаудың маңыздылығын еске салады, дәл сол күні еліміздің тарихында жаңа дәуір басталған еді. Тәуелсіздік – біздің мақтанышымыз ғана емес, ол – болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз!

Бүгінде Қазақстан білім экономикасын құруда, ғылым мен инновацияға негізделуі тиіс. Ал біздің міндетіміз – уақыт сынынан сүрінбей өтіп, Отанымыздың тәуелсіздігін нығайта түсетін, жас буын көшбасшыларды даярлау.

Мереке қарсаңында Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, әрбір отбасына аманшылық және алдағы бастамаларға сәттілік тілеймін!

Игі құрметпен,
БҚИТУ ректоры
Б.Т.Шакешев

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz