2020 жылдың 21 – ақпанында БҚИТУ Инженерлік-технологиялық факультетінің 5В073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 2 – курс студенттері «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы» ЖШС «Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалына барып, жұмысымен танысты.

Экскурсия мақсаты – студенттерді мекемемен таныстырып, өз мамандығы бойынша түсініктерін, қызығушылықтарын арттыру. Экскурсияны БҚИТУ «Экология және биотехнология» кафедрасының аға оқытушылары И.К.Жумагалиев пен Г.Р.Курмашева ұйымдастырды. Аталған өндіріс орнының ТҚ және экология бойынша жетекші инженері Уразов Жексен Жумагельдович, ТҚ және экология бойынша инженері Сагинов Суюгалий Садыкович және авариялы-құтқару құрал-жабдықтары бойынша инженері Дисенов Бисенбай Сангалиевич өздері күнделікті атқаратын жұмыстары жөнінде студенттерге толық түсіндіре отырып, бұл сала қызметінің жауапты екенін және теориялық білімді практикалық жұмыстармен толықтырғанда ғана сапалы білімге қол жеткізуге болатынын айтты. Мекемеде атқарылатын жұмыстарды көрген, болашақ мамандардың оқып жатқан мамандығына деген құрметі арта түсті. Осы экскурсияны өткізуге қол ұшын созған «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС «Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалының директорына Кубенов Әділбек Жұмабайұлына алғысымызды білдіреміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz