Орал қалалық №4 емхананың дәрігер-эпидимиолгы Бақтыбай Әжігереев Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттерімен кездесті.

Кездесуде ол күллі әлемді дүр сілкіндірген коронавирусқа қарсы елімізде атқарылып жатқан іс-шараларды айтып, қытайда осы күні 2700-ден астам адам аталған дертке шалдыққанын одан 80-нен астам адам көз жұмғанын жеткізді.

– Әлемнің өзге елдерінде 50 шақты азаматтың коронавирус жұқтырған. Бұл індеттің біздің елге келмеуі үшін Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берген еді. Соған сай тиісті жұмыс жоспары жасалып, тұрғындарға түсінік жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді ол.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz