2024 жылдың 10 қазанында СТИ БҚИТУ 6В11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 1, 2, 3 курс студенттері Орал трансформатор зауытына барды. Экскурсияның мақсаты студенттерді кәсіпорынмен таныстыру, олардың өз мамандығына деген түсінігі мен қызығушылығын арттыру. Экскурсияны ветеринария және техносфера қауіпсіздігі кафедрасының аға оқытушылары Амиргалиева А.М., Төлеуова Р.Н. ұйымдастырды.

Студенттер жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды, учаске шебері Макимов Әнуар Қайсарұлы кәсіпорынның тарихымен, еуропалық брендтердің соңғы буындағы жабдықтармен, өнім түрлерімен, оның ішінде трансформатор түрлерімен таныстырды. Сондай-ақ, қауіпсіздік техникасы бойынша инженерлердің жұмысының маңыздылығы, олардың жұмысында қандай жауапкершіліктер бар екендігі туралы айтып, өрт қауіпсіздігі, жеке қорғаныс құралдары, ұжымдық қорғаныс құралдары туралы әңгімеледі. Студенттер трансформаторлардың қалай жасалатынын және қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жұмысшы қалай жұмыс істеу керектігін білді.

Сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған төтенше жағдайларды жою персоналының халық арасында жұмысы бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өте жақсы әсер қалдырды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz