Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Салалық технологиялар институтының, “Сәулет және құрылыс” кафедрасының, 6В07303 Жерге орналастыру және кадастр білім беру бағдарламасының студенттері  024 жылғы 10 қазанда”ЭСКИЗ-ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне экскурсияға барды.

Кәсіпорын жерге орналастыру жобаларын, топографиялық түсірілімдерді, жер учаскелеріне құқық куәландыратын және құқық берілетін құжаттарды, инженерлік-техникалық жобаларды рәсімдеумен айналысады.

Экскурсия барысында студенттер жұмыстың негізгі процестерімен танысты.

Студенттер үшін графикалық бағдарламалар жұмысының принциптері, нормативтік-құқықтық құжаттама және т. б. көрсетілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz