2024 жылғы 11 қазанда «Фирма Сервер+» ЖШС жұмыс берушісімен есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер ББ білім алушыларымен кездесу өтті.

Іс-шара барысында жұмыс берушілер компания қызметіне шолу жасап, ағымдағы бос жұмыс орындары мен практикадан өту мүмкіндіктері туралы айтып берді. Білім алушылар ізденушілерге қойылатын талаптар туралы және компанияға табысты жұмысқа орналасу үшін қандай дағдылар мен құзыреттер қажет екендігі туралы білді.

«Фирма Сервер +» ЖШС өзінің жаңа қызметкерлерін оқытып, оларды компанияда табысты жұмыс істеу үшін жан-жақты дайындықпен қамтамасыз ететіні білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Компания өзінің жаңа қызметкерлерін келесі бағыттар бойынша жұмыс орнында оқытумен және старжировкамен дайындайды: жабдықтау, техникалық қызмет көрсету, кеңсе жабдықтары мен компьютерлік жабдықтарды жөндеу, полиграфия, дизайн қызметтері және менеджер-логист.

Білім алушылар компания өкілдеріне сұрақтар қоюға мүмкіндік алды, олар мансаптық перспективалар туралы ақпаратпен бөлісіп, әңгімелесуге дайындық бойынша кеңестер берді. Білім алушылар «Фирма Сервер +» ЖШС-мен тәжірибеден өтуге және одан әрі жұмысқа орналасуға қызығушылық танытты.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz