10 қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетімен Удмурт мемлекеттік университетінің өкілдерімен кездесу өтті. 7M07201 – Мұнай-газ ісі ББ бойынша қос дипломды білім беру мәселелері талқыланды. Талқылау аясында Удмурт мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры М.М. Кабардин және БҚИТУ салалық технологиялар институтының директоры Б.А. Билашев білім алушылардың өзара тиімді жағдайлар туралы келісім жүргізді.
Кездесуге қатынасушылар өзара келісім аясында жұмысты жалғастыруға келісті.