2026 жылғы 9 қазанда Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей Федерациясы) «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі мектеп пен жоғары оқу орнындағы полимәдени білім берудің үздік тәжірибелері» атты халықаралық білім беру форумы өтті. Форумның пленарлық отырысында Қазақстан Республикасының атынан Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қызметкерлері баяндама жасады. Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Кусаинова Дина Жақсығалиқызы «Қазіргі полимәдени білім берудегі жасанды интеллект» тақырыбында баяндама ұсынды. Білім беру және менеджмент институтының Ғылым және цифрландыру департаменті басшысының орынбасары Уразова Бақыт Әділгерейқызы «Мәдени әралуандылықтан білім беру инновациясына: жаһандану жағдайындағы Қазақстанның полимәдени университеті» тақырыбында баяндама жасады. Пленарлық отырыста Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің жетекші ғалымдары, сондай-ақ шақырылған қонақ — Санкт-Петербург қаласындағы А. И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алексей Иванович Дунев те сөз сөйледі. Форум халықаралық ғылыми-педагогикалық тәжірибе алмасуға, заманауи білім беру тәжірибелерін талқылауға және Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz