Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті жанындағы көлік және технологиялар кафедрасының 1 курс білім алушыларына «БҚИТУ білім алушылардың Ар кодексімен» таныстыру жұмыстары жүргізілді. 6В07101 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 6В11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» және 6В07104 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға университеттің Ар кодексі және ішкі тәртіп ережелері бойынша тармақтар түсіндіріледі.

Білім алушыларға слайдтар көрсетіледі, біздің университеттің жетістіктері, болашақ мақсаттары мен дамуы туралы ақпарат жеткізіледі. Білім алушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, тиісті жауаптар түсіндірілді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz