14 қыркүйек 2023 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының 6В01401-Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері, доктор PhD, қауымдастырылған профессор А.Б. Арыстанова жетекшілігімен Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастырған «Жастар кітап оқиды» атты шарасына қатысты. Мекеме қызметкерлері студенттерді кітапхана тарихымен және бай кітапхана қорымен таныстырды.
Мұндағы мақсат – кітапханаларды жастардың сүйікті мекеніне айналдыру.
Жастардың кемел тұлға болып қалыстасуы үшін оларды шығармалар оқуға көбірек баулу қажет.
Ақпаратты алудың асыл көзі – кітап. Сондықтан кітап оқудан қашпай, бүгіннен бастап талғамыңа сай шығармаларды студент жастарымыз оқи бастады.