2026 жылғы 17 сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институты, «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының өкілдері Ресей Федерациясының Саратов қаласында Н.И. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік генетика, биотехнология және инженерия университетінің базасында өткен Г.П. Ерошенко атындағы «АӨК энергетикасының өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысуы бар IV ұлттық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференция жұмысына қашықтан техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Садыкова Лязат Анатолиевна, аға оқытушы Саргужиева Бибигуль Абуевна, сондай-ақ аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі Кайранбаева Альбина Бериккалиевна қатысты.
Конференцияның ғылыми бағдарламасы аясында ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылып, энергетика, автоматтандыру және экологиялық технологиялар саласындағы өзекті мәселелер, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және кадрлар даярлау перспективалары талқыланды.
Конференцияға қатысу ғылыми тәжірибе алмасуға, агроөнеркәсіптік кешен энергетикасын дамытудың басым бағыттарын талқылауға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың ғылыми еңбектерінен тұратын электрондық жинақ шығару жоспарлануда.


