2024 жылдың 17 қаңтар күні «Сәулет және құрылыс» кафедрасында «Құрылыс машиналары және жабдықтары» пәні бойынша «Бетон қоспаларын нығыздау және құрылыстағы әрлеу жұмыстарына арналған машиналар және қол машиналары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оған 6В07302 – «Құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын СТР-41О тобының студенттері қатысты. Бұл ашық практикалық сабақта білім алушылар бетон қоспаларын нығыздауда қолданылатын жабдықтар және әрлеу жұмыстарына арналған машиналармен танысып, жұмыс істеу үрдісін үйренді.
Практикалық сабақ жақсы әдістемелік деңгейде өтті. Сабақтың барлық кезеңдері сақталды. Оқу процесі талаптарға сәйкес өтті. Студенттер жақсы білім деңгейін, бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын және есептеулерді жүргізуді көрсетті.

