№21 мектепте оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында «Бүгінгі таңдау – ертеңгі табыс» атты мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған шара мектеп оқушыларының болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағытталған маңызды алаңға айналды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жастарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ олардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, мамандық таңдауға қолдау көрсету болды. Осыған орай шара барысында қала және облыстағы жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері өздерінің білім беру мүмкіндіктерін кеңінен таныстырды.

Қатысушылар оқу орындарының артықшылықтары, ұсынылатын мамандықтар тізімі, оқу мерзімі, қабылдау шарттары, гранттық мүмкіндіктер, өндірістік тәжірибеден өту және түлектерді жұмысқа орналастыру перспективалары туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, жәрмеңке аясында кәсіби бағдар беру бойынша кеңестер ұйымдастырылып, түрлі мамандықтардың таныстырылымдары өткізілді. Оқу орындарының ақпараттық стендтері ұсынылып, мамандар мен оқытушылардың қатысуымен ашық сұхбат алаңы ұйымдастырылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz