2023 жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушылары Д.М.Какимова мен Г.С.Курмашеваның ұйымдастыруымен «Қазақ тілі – менің тілім» атты бірлескен ашық сабақ өткізілді. Сабаққа университетіміздің 1 курс білім алушылары қатыстырылды. Ашық сабақтың мақсаты – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, студенттердің зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін, дарындылығын дамыту және тілдік белсенділіктерін жоғарылату.
Сабақ барысында топтастыру әдісі мен интербелсенді технологиялар арқылы қызықты ойын формасындағы тапсырмалар орындалып, білім алушылар өлең оқып, өз өнерлерін ортаға салып, белсенділік танытты.

