Магистранттар үшін тағылымдамадан өту кез келген саладағы оқу процесінің міндетті кезеңі болып табылады. Әрбір магистрант оны академиялық семестрдің соңында өтуі керек. Магистранттардың ғылыми-зерттеу тәжірибесі мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады. 7М09101 – «Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттарымыз 29.05.2023-23.06.2023 аралығында «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринарлық станциясы» базасында ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтті. Оқытушымен бірге магистранттар магистрлік диссертация тақырыбы бойынша практикалық жұмыстарды және жеке тапсырмаларды орындады, барлық жұмыстар тәжірибе жетекшісінің нұсақаулығымен орындалды. Тәжірибе қорытындысы бойынша есеп берілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz