2018 жылы 29 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогика факультеті және Батыс Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту технологиясы» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты – жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктерімен таныстыру, оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету. Конференцияға Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектептен Жұмағалиева Хиуаз Ерболатовна «Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асырудағы басты құжаттар», БҚО Теректі аудандық «Үміт» лингвистикалық гимназиясынан Ажкеева Гаухар Алтынбековна «Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша айтылым, жазылым тапсырмаларының орындалуы», БҚО Ақжайық ауданы «Алғабас ОЖББМ» Бахитжанова Жанна Бахитжанқызы «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жазылым дағдыларын қалыптастыру», Орал қаласы М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатынан Кенжебаева Динара Кыдырбаевна «Оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық тәрбиені насихаттау» тақырыбында баяндамаларын қорғады. Семинар өткізу барысында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, талқыланды.


