2018 жылдың 4 желтоқсан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті инженерлік-технологиялық факультетінің залында «Барыс» спорт клубының ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын қолдау мақсатында және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің факультеттері арасында шахмат пен дойбыдан командалық жарыс өтті. Жарыстын негізгі мақсаты:
- студенттер арасында шахмат ойынына қызығушылығын арттыру,
- спорттан достық қатынасты орнату;
- спорттық шеберлікті жоғарылату.
Жарыс командалық турнир, әр факультеттен 1-оқытушы, 1 қызметкер, 1 студент қатысты.
Шахматтан жарыс қорытындысы бойынша келесі командалар орын алды:
I-орын – педагогика факультеті;
II-орын – инженерлік-технологиялық факультет;
III-орын – тілдер және менеджмент факультеті.
Дойбы жарыс қорытындысы бойынша келесі командалар орын алды:
I-орын – педагогика факультеті;
II-орын – инженерлік-технологиялық факультет;
III-орын – гуманитарлық-заңтану факультеті.
Командалық I-ші орын мен кубокті педагогика факультетінің командасы иеленді.

