2026 жылы 15-мамырда Орал қаласында Қазақстандағы цифрландыру және жасанды интеллект жылына арналған IT SPEAKERS DAY бірінші өңірлік инновациялар және цифрлық технологиялар фестивалі өтті.
Іс-шара Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының бастамасымен IT-бизнес, білім беру ұйымдары және өңірлік кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Фестивальдің басты мақсаты-бизнестің, білім мен жастардың өзара іс-қимылы үшін бірыңғай алаң құру, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында цифрлық технологияларды, кәсіпкерлікті және инновациялық ойлауды насихаттау. IT SPEAKERS DAY шеңберінде өңірдің цифрлық экономикасын дамытудағы кәсіпкерлердің рөліне ерекше назар аударылатын болады. Алаңда IT-компаниялардың басшылары, бизнес-қоғамдастық өкілдері, кәсіпкерлер, инвесторлар, оқытушылар, студенттер мен оқушылар сөз сөйледі.
Фестиваль барысында қатысушылар:
-жасанды интеллектті әртүрлі салаларға енгізу;
-отандық IT-жобаларды дамыту;
-цифрлық дәуірдің жаңа мамандықтары;
-технология және кәсіпкерлік саласындағы жастар үшін мүмкіндіктер;
-стартаптар мен инновациялық бастамаларды қолдау.
Сондай-ақ, “Информатика” білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Шарафадинова Нагипаға “Деректерді талдау және жасанды интеллект” курсына конкурстан тыс қабылдау құқығын растайтын Astana Hub сертификаты берілді.