«Құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тергеуші: кәсіби мамандық, абырой және жауапкершілік» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Шараның құрметті қонағы – Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сулейменова Айнур Бейбутовна болды.

Кездесу барысында қонақ тергеуші мамандығының қоғамдағы маңызы, құқық қорғау саласындағы жауапкершілік пен кәсіби біліктілік туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, қызмет барысында кездесетін тәжірибелік жағдайлармен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға тергеуші мамандығының ерекшеліктерін таныстыру, құқық қорғау қызметіне қызығушылықтарын арттыру және кәсіби бағыт-бағдар беру.

Шара соңында студенттер қонаққа алғыстарын білдіріп, мазмұнды кездесудің өздері үшін маңызды тәжірибе болғанын атап өтті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz