Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы мен педагогика магистрі Ахметов Талғат Русланұлы 2023-2025 ҚР Білім және ғылым министрлігі гранттық қаржыландырған «Орта ғасыр жазба ескерткіштері тілі – рухани, мәдени құндылықтар әлемі» (2023-2025 жыл.) атты жоба аясында Санкт-Петербруг қаласында ғылыми іс-сапарда болып қайтты. Ғылыми іс-сапардың мақсаты – аталған жоба тақырыбы бойынша ғылым-зерттеулер жүргізу, Ресей түркітанушылары тарапынан атқарылған және атқарылып жатқан соны зерттеулермен танысу.
Осы мақсатта оқытушылар Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография мүзейінде (Кунсткамера) болып, Орталық Азия этнографиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Стасевич Инга Владимировнамен кездесіп, пікірлесті.
Іссапар барысында ғалымдар әлемнің ең ірі және бай кітапханасының бірі Санкт-Петербургттың Васильев аралында орналасқан Ресей ғылым академиясын кітапханасында болып, орта ғасыр жазба ескерткіштері, шығыс қолжазбалары, түркітану, тіл тарихы, тілі білілімі, лингвомәдениеттануға қатысты материалдар қарастырды, ашылғанына 300 жыл болған, әлемдегі ең байырғы университеттердің бірі, ғылым және білім шаңырағы Санкт-Петербруг мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетінің кітапханасында ізденіс жұмыстарын жүргізіп, «Түркі филологиясы» кафедрасының меңгерушісі Телицин Николой Николаевичпен, «Орталық Азия және Кавказ» кафедрасының меңгерушісі Джандосова Заринэ Алиевнамен танысып, әріптестік қарым-қатынас орнатты.
Ғалымдар сонымен бірге осы университетте 25-26 қараша күндері оздырылған ХХХІХ Кононов оқуларына қатысып, шет елден келген түркітанушылармен танысып, пікірлесіп, тәжірибе алмасты, Қазіргі заманғы кәсіби білім беру Халықаралық Академиясынан зерттеу жұмысы тақырыбына сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтті.






