21 қыркүйек 2023 жылы Достық үйінде БҚО әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен облысымыздың белсенді жастарымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымының бірі «Ассамблея жастары» РҚБ-нің төрағасы, «Аdaldyq alany» жобасының жетекшісі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Жұмырбаев Тимур Ғабдулұлымен еркін кездесу өтті.

Аталған шараға БҚИТУ «Достық» клубының жетекшісі «Аударма ісі» БББ 3 курс студенті Николаева Гонжа және сол топтын белсенділері Ихсанова Айкүн, Алтаева Жанель  қатысушылар болып барды.

– Жастар – еліміздің болашағы. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі – жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Осы орайда саналы тәлім-тәрбие мен береке бірлікке баулыйтын ортанын маңызы зор. Дәл осындай ортаның бірі – Ассамблея жастары деп, өз сөзінде Т.Ғ.Жұмырбаев атап өтті.

«Ассамблея жастары» Батыс Қазақстан облысындағы саяси, қоғамдық, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға белсенділік танытып қана қоймай қолдап келеді.

Шара барысында бейне-роликтер көрсетіліп, Ассамблея жастары» ұйымы мүшелерінің қоғамдық белсенділігін арттыру, әлеуметтік желілердегі контентін ұлғайту жөніндегі ойларын ортаға салды. Ұйымның алдағы жоспарларымен бөлісіп, жастарды белсене жұмыс істеуге шақырды.

Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz