30 қыркүйек – 5 қазан аралығында Маңғыстау облысында, атап айтқанда Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы колледждерде кәсіптік бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Кездесулерді БҚИТУ-дың кәсіптік бағдар беру бөлімінің жетекшісі Жанияров Қ.К. жүргізді. Іс-шаралар барысында студенттерге жоғары білім алудың маңызы, мамандықты дұрыс таңдаудың ерекшеліктері және болашақ кәсіби бағытты айқындау туралы жан-жақты ақпарат берілді.Кездесулер барысында БҚИТУ-дың білім беру бағдарламалары, талапкерлерге арналған мүмкіндіктер, оқу үдерісі, студенттік өмір, материалдық-техникалық база, жатақхана және басқа да маңызды бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, колледж студенттеріне жоғары оқу орнына түсу талаптары, білім беру бағыттары бойынша мамандық таңдау, гранттық және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.Кәсіптік бағдар беру кездесулері жастарға өз болашағын саналы жоспарлап, қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес мамандық таңдауға бағыт-бағдар берді.БҚИТУ атынан кездесулерді ұйымдастыруға атсалысқан колледж ұжымдарына және белсенді қатысқан студенттерге алғыс білдіреміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz