2026 жылғы 7 қазанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Салалық технологиялар институтының «Құқық» кафедрасы кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында АТиСО «Батыс Қазақстан академиялық колледжі» жеке мекемесінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіруші топ студенттерімен кездесу өткізді.

Студенттерге университетте білімін жалғастыру мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары және құқық саласындағы кәсіби бағыттар туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында студенттерге заңгер мамандығының болашағы, жоғары білім алудың артықшылықтары, сондай-ақ университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы мен студенттердің шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндіктері таныстырылды.

Сонымен қатар, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының қызметі және университеттегі студенттерге арналған мәдени-әлеуметтік мүмкіндіктер туралы айтылды.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, университет туралы ақпараттық материалдармен танысты.

«Құқық» кафедрасы – болашақ заңгерлерге дұрыс кәсіби бағыт таңдауға және сапалы білім алуға жол көрсетеді!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz