28 ақпанда педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының оқытушысы А. Т. Тасқалиев 6В07302 «Құрылыс» ББ білім алушыларына арналған «Құрылыс материалдары» пәні бойынша «Кремнийлі материалдар мен бұйымдар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақтың мақсаты-ғимараттар мен құрылыстарды салуда қолданылатын кремнийлі жыныстар мен құрылыс материалдары мен бұйымдарын зерттеу. Сабақ құрылыс мамандықтарының білім алушылары үшін оқу процесіне «Кремнийлі опал-кристобалитикалық жыныс – опоканың физикалық – механикалық қасиеттерін зерттеу» аяқталған ғылыми – зерттеу жұмысын енгізу туралы актіге сәйкес жүргізілді.

Ашық сабақтың міндеттері:

– кремнийлі жыныстың физикалық – механикалық қасиеттерін зерттеу-опоканы;

– кремнийлі жыныстардың шығу табиғатын зерттеу;

– құрылыс және басқа салаларда опоканы практикалық қолдану;

– жеңіл кірпіш, термолитті қиыршық тас, термолитті бетон бұйымдарын, жылупоритін, термизді және опокогазобетонды дайындау үшін опоканы қолдану бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін зерттеу.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz