1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында Жастар ісі жөніндегі комитет пен еріктілердің ұйымдастыруымен таңертеңнен бастап оқу ғимаратының кіреберісі мерекелік безендіруімен көмкеріліп, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.
Белсенді студенттер оқытушылар мен қызметкерлерге жылы және шынайы құттықтау лебіздерін білдірді.