2023 жылдың 6 желтоқсанында «Педагогика және психология» кафедрасының білім алушы студенттеріне арт терапиялық әдістердің тұлғаның психикалық жағдайының үйлесімділігін дамытудағы орнын ұғындыру және шығармашылық тәжірбие жүзінде қолдануға дағдыландыру мақсатында кафедра оқытушылары Гинаятова А.А., Сатыбылдиева А.М., Қабди Ж.С. «Арт терапия- шығармашылық терапиясы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Ұйымдастыру бөлімі студенттердің бір-бірімен жақын танысу мақсатында «Додекаэр» әдісі арқылы танысу тренингімен басталды. Одан әрі студенттерге арт терапия түрлері, маңызы жайында ақпарат беріліп, оны іс-тәжірибеде қолданумен жалғасын тапты. Семинар-тренингтің тәжірибелік бөлімі «Топтық-шығармашылық» деп аталды. Бұл кезеңнің мақсаты студенттердің ұжымшылдығын, топтық жағдайда тиімді жұмыстануларын қалыптастыру. Шараның соңында музыка-терапия элементі ретінде ән айтылды. Жалпы семинар-тренингтің рефликсия бөліменде «Pаdlet» онлайн тақтасында студенттерден кері байланыс алынды. Кері баланыс нәтижесінде семинар-тренинг өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өткізілді деп бағалаған.



