2023 жылғы 30 қарашада Педагогикалық шеберлік мектебі аясында ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы Г.Р. Курмашева «Жазатайым оқиғалардан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету» тақырыбында «Жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің әдістемесі мен әдістері» пәні бойынша шеберлік сабағын өткізді. Сабақты өткізу формасы – рөлдік ойындар.
Ойынды өткізу үшін сценарий жасалды, онда құрылымдық компоненттер мен ойын ережелері, атап айтқанда – қатысушылардың рөлдері, тапсырмалары мен әрекеттері бөлінеді. Ойын барысында оқытушы проблемалық тапсырманы тұжырымдады, студенттер көмек көрсету алгоритмі бойынша көмек көрсетті.
Өткізілген ойын студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етті. Студенттер ойынға белсенді болып, қызығушылық танытты. Барлық қойылған мақсаттар мен міндеттер сабақ барысында іске асырылды.

