2023 жылдың 22 қарашасында Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Б.К.Баймуханова, Ж.Е. Қадыржанова және Г. А. Жумагулова “6В01101 – Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының филиалдарымен ынтымақтастық аясында Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің педагогтары үшін “Арт-терапия әдістері арқылы стрестің алдын- алу” тақырыбында практикалық семинар ұйымдастырды. Практикалық семинар барысында түрлі түсті қағаздармен жұмыс, МАКарт техникасы, түрлі түсті қарындаштармен сурет салу сияқты әртүрлі психологиялық құралдарды қолдана отырып, арт-терапевтік жаттығулар ұсынылды. Педагогтер ұсынылған жаттығуларға белсенді қатысып, кері байланыс ретінде өз пікірлерін жеткізді. Қорытындылай келе, семинарға қатысушылар кәсіби қызметтегі стресті жеңу үшін осындай семинарлар мен тренингтер өткізу қажеттілігін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.