6В07104 – Технологиялық машиналар және жабдықтар білім беру бағдарламасы шеңберінде 2023 жылдың 20 қарашада БҚИТУ-да «ЖайыкМұнай» ЖШС-нің қабат қысымын ұстау жүйесінің аға супервайзері Рахметуллин Ерлан Гумаровичпен «Бұрғылау жабдықтары» пәні бойынша қонақ дәріс өткізді.
Аталған іс-шараға ТМО – 22О тобының студенттері қатысты. Қонақ дәрісі білім алушылар арасында үлкен қызығушылық тудырады және пайдалы диалог түрінде өтті. Кездесуде білім алушылар қажетті практикалық ақпарат алды.
Қонақ дәрісі жоғары деңгейде өтті. Кафедра оқытушылары мен білім алушылар қонақ дәрісінің тақырыбымен терең және ашық танысты, дәріскерге білім алушыларды қызықтыратын сұрақтар қойылды.
Білім алушылар шақырылған қонаққа ынтымақтастық және олармен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі үшін алғыс білдірді. Бұл формат білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді және студенттердің кәсіби бағдарына тікелей әсер етеді деп санаймыз.