2026 жылғы 22 қазанда БҚИТУ-дың «Құқық» кафедрасы білім алушыларға арнап Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты: білім алушыларға Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, Қазақстанның егемендігі мен мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және ел болашағына деген азаматтық жауапкершілігін арттыру.

         Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен салтанатты түрде ашылды. Іс-шара барысында еліміздің егемендікке қол жеткізу тарихы, мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңдері және Республика күнінің тарихи маңызы кеңінен баяндалды.

         Шара аясында Отанға деген сүйіспеншілік, елге қызмет ету, азаматтық жауапкершілік пен патриотизм туралы мазмұнды ойлар айтылып, білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыруға ерекше мән берілді. Сонымен қатар, тәуелсіздіктің қадірін білу, ел бірлігін сақтау және Қазақстанның жарқын болашағы үшін жауапкершілік сезіну әрбір азаматтың қасиетті борышы екені атап өтілді.

         Мерекелік іс-шара білім алушылардың патриоттық рухын көтеріп, туған елге деген мақтаныш сезімін нығайтуға және азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етті.

         Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы болсын! Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, халқымыздың бірлігі мен ынтымағы нығая берсін! Республика күні құтты болсын!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz