2019 ж. 17 қазанында Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде педагогика факультетінің  «Тарих» мамандығы І және ІІ курс студенттері қатысқан археологиялық сараман жұмыстары нәтижелерінің қорытынды есебі өтті. Сараман жұмысы Шыңғырлау аудыны, Сегізсай ауылына жақын Есен-Амантау жазығында жүргізілді. Жұмыс барысында екі оба үйіктің астында орналасқан үш жерлеу орны зерттелді. Бұл ескерткіштер ерте темір дәуірінің сармат тайпаларына тиісті болып, жерлеу камераларынан қола жебе ұштары, қыш құмыра ыдыстар, сүйектен жасалған қасық және т.б. табылды. Жұмыстарға т.ғ.к. М.Д.Қалменов басшылық етті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz