2019 жылдың 18 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде белгілі түркітанушы ғалым, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бүркітов Отарәлі Бүркітұлының туғанына 65 жыл толуына орай «Мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тіліне айналу үдерісі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияға Астанамыз Нұр-Сұлтаннан белгілі тілші-ғалым, Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Жақып Жантас Алтайұлы (Нұр-Сұлтан), Ақтөбе қаласынан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Нұрбол Әбділлаұлы Садуақас, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мұхтаров Сабыржан Сағидуллаұлы (Ақтөбе), Атыраудан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жұмазия Абдрахманова (Атырау), сонымен қатар облыс көлеміндегі жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, арнаулы орта және орта жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен студенттер қауымы қатынасты.

Конференция жұмысына Қазақстанның Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларынан 100-ге тарта мақалалар түсті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz